Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:
Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.
2021 жылы Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мемлекеттік қызметтің 2 түрі бойынша 74 қызметі көрсетілді, олардың меморган арқылы -72; ХҚКО арқылы-2;
2021 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер:- «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 72;
Ауданда мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, қала және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында баршаға көрінетін жерлерде ақпараттық стендтерде орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» газетінде жарияланады, «Мегаполис» радиосынан хабарланып, «Сары-Арқа» телеканалының жүгіртпе жолында жазылады.
Сондай-ақ Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.
2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін 2022 жылы мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.
«Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.
Директор м.а: Г. Мусина