2021 жылдың 14 мамырында «Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державинск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК бастамасымен "Туризм" үйірмесінің жетекшісі М.А. Байбосинов велошеру –өткізілді. Жарыс велосипед туризмін, құқықтық мәдениетті және жол қозғалысына қатысушы оқушылардың қауіпсіз жүріс - тұрысының құндылығын дамыту және дәріптеу мақсатында өткізілді. Велошеруге қатысушылар: Алпысбай Рамазан, Совет Адлет, Акылжан Асет, Алькенов Бекзат, Жунусов Ахат,Шопшибай Азамат, Истлеев Адельхан, Тасмагамбетов Жандаулет. Веложарыстың бағыты Жарқайың ауданының табиғи көрікті жерлері, мәдени құндылықтары және киелі орындары - Державинск қаласы-«Кебіс» көлі-«Ақ-қайың» ЖСЛ –«Қызыл там» - «Мұртты қорған» жерлеу орны - Державинск ұзындығы 59 км. Маршрут әр түрлі биіктіктегі жолдармен өтті. Веложарыстың ұзақтығы 9 сағатты құрады. Қозғалыстың орташа жылдамдығы 12-15 км/сағ.
«Туризм» үйірмесінің жетекшісі Байбосинов Марат Аскербекович – облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының алғыс хатымен марапатталды.